2023 жылдың 4 желтоқсанында Астанада өнертапқыштық саласындағы «Шапағат-2023» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
1997 жылы берілген Қазақстан Республикасының алғашқы өнертабысқа патентінің, сондай-ақ 1025 қорғау құжатының, оның ішінде 60 шетелдік патенттің, 40-тан астам КСРО мен Ресей Федерациясының патентінің және 3 Еуразиялық патентінің иегері А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты «Үздік инновациялық компания» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Институт әр жыл сайын «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауына қатысып, қызметкерлері "Жыл өнертабысы" және " Өнертапқыш әйел "номинацияларында жеңімпаз атанды.
«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» жоғары атағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері Е.Е.Ерғожин мен Қ.Д.Пралиевке берілді. Оныншы «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауында академик Е.Е.Ерғожин В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік жұмысқа қосқан үлесі үшін» алтын медальмен марапатталды.
А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында еңбек сіңірген көрнекті ғалымдар жұмыс істеді, олардың арасында ҚР ҰҒА академигі Есен Әбікенұлы Бектұров «Халық қазынасы» сыйлығымен марапатталды.