Өнеркәсіптің және энергетика саласының қарқынды дамуы, табиғи ресурстарды игеру және тұщы су көздері шектеулі аудандарда ауыл шаруашылығын дамыту, халық санының артуы жер бетіндгі тұщы су тапшылығын туындатады. Сонымен қатар, сарқынды сулардың мөлшерінің ұлғаюы да, өз кезегінде қоршаған ортаға және су бассейндерінің жай-күйіне теріс әсер етеді. Бұл мәселе әрдайым Қазақстан Республикасында өзекті болғандықтан, 1960 жылдан бастап ХҒИ-да ион алмастырғыш мембраналарын зерттеу және синтездеу, ауыз сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі қуатты станциялар мен электродиализді тұзсыздандыру қондырғыларын орнату бойынша ғылыми зерттеулер басталды.
Құрамында әр түрлі функционалдық топтардан тұратын синтетикалық және табиғи қосылыстар негізінде су ерітінділерінен әр түрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстарының иондарын сорбциялауға қабілетті ион алмастырғыш шәйірлерді алу технологияларына қол жеткізілді (ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі Е. Ерғожин). Алынған иониттер негізінде үймелеп шаймалау ерітінділерінен және гидрометаллургия өндірісінің сарқынды суларынан сирек, шашыраңқы және асыл металдар иондарын алу технологиясы жасалды. Түйіршіктелген иониттерге қарағанда, ион алмастырғыш мембраналарын пайдалану, регенерациялайтын электролиттердің шығындарына тәуелсіз және қоршаған ортаға зиянды әсерлерді азайтады.
Сонымен қатар, мембраналық үдерістер шағын қызметкерлер санымен жинақы жасалған аппаратураның автоматты режимінде үздіксіз желісі бойынша жүзеге асырылады.
Заманауи мембраналық технологиялар қатарында электролит ерітінділерін концентрациялау және деионизациялау, сондай-ақ әртүрлі заттардың синтезі мен химиялық өзгерісін жүзеге асырудың бірегей мүмкіндіктерінде электродиализ және кері осмос ерекше орын алады.
Әлемнің көптеген елдерінде байқалған тұщы судың жетіспеушілігін жою электродиализ және кері осмос мембраналық технологияларының көмегімен минералданған суларды тұщыландыру арқылы жүзеге асырылады. Кері осмос әдісі электродиализбен қатар суды тазарту және тұзсыздандырудың келешегі зор әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс қысыммен жартылай өткізетін мембраналар арқылы ерітінділерді сүзуге негізделген, яғни оның қуыс түтікшелері су молекулаларын өткізеді, ал тұздар мен диссоциацияланбаған қосылыстар өтпейді. Сондықтан, жартылай электролиттер мен мембраналардың физика-химиялық, электрохимиялық және тасымалдау қасиеттерін зерттеу және синтездеу, олардың негізінде тұзды суларды тұщыландыру үшін электрохимиялық технологияларды құру мәселелері өте өзекті болып саналады.
Осы орайда Кеңес Одағында алғаш рет әзірленіп, Алматы электромеханикалық зауытында енгізілген электродиализді тұщыландыру қондырғыларын жасақтау саласындағы Институттың Ион алмастырғыш шәйірлер зертхана қызметкерлерінің жетістіктерін ерекше атап өткен жөн.
1982 жылы «ЭДҚ сериялы электродиализді тұщыландыру қондырғыларын халық шаруашылығына енгізу» жұмыстары үшін химия ғылымдарының докторы, профессор Е.Е. Ерғожинға (ғылыми жетекші), Ф. Б. Әлжановқа, Ю.Г. Валиевке, Л.А. Шишлянниковқа, А.А. Цхайға және т.ғ.к. Ф.Т. Шостакқа (өлгеннен кейін) институт тарихында алғаш рет ғылым мен техника саласындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1983 жылы магистральды құбыр жолдарына «Пластобит-2М» жоғары тиімді оқшаулау жабындысын дайындағандары үшін Қазақ КСР ҒА академигі, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі С.Р. Рафиков (ғылыми жетекші), химия ғылымдарының кандидаттары В.Г. Гуцалюк және А.Я. Светов, А.Г. Гумеров, Ш.Н. Ахатов, А.Х. Амирханов, В.И. Ионов, А.В. Чекин ғылым мен техника саласындағы КСРО Министрлер Кеңес сыйлығының лауреаттары болды.
1984 жылы Халық шаруашылығының қажеттілігі үшін өрттен қорғайтын полимерлік материалдарды жасағандары үшін Қазақ КСР ҒА академигі Б.А. Жұбановқа (ғылыми жетекші) және х.ғ.д., профессор К.М. Гибовке, А.В. Красниковқа, Э.К. Кондрашовқа, С.К. Қасымбековке Ғылым және техника саласындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтары берілді.
1985 жылы антидепрессанттың жаңа буыны – Цефедриннің отандық бірегей дәрілік затты өндірістік деңгейде өндіруге және медициналық тәжірибеге енгізгені үшін Институт қызметкерлері – х.ғ.д., профессор Д.В. Соколов (ғылыми жетекші), х.ғ.к. – Ю.Г. Босяков, Қ.Д. Пірәлиев, Ж.И. Исин, Е.А. Виноградов, б.ғ.к. – В.М. Куриленко, Э.А. Тетеньчук және Ж.Н. Хлиенко ғылым мен техника саласындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің сыйлығын алды.
1975-1983 жылдар аралығында жарияланған «Суда еритін полимерлер және олардың кешендері» монографиялар циклі үшін Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі Е.А. Бектұровқа (ғылыми жетекші), х.ғ.к. З.Х. Бакауоваға, Л.А. Бимендинаға, С. Құдайбергеновке және Р.Е. Легкунецке 1987 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.
2000 жылы Қазақ КСР ҒА академигі Б.А. Жұбанов (ғылыми жетекші), х.ғ.д. Қ.Ж. Пірәлиев, х.ғ.к. Г.И. Бойко, Е.О. Батырбеков «Ұзақ мерзімді әсер ететін жаңа полимерлі дәрілік препараттар» тақырыбындағы жұмыстары үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаттары атанды.
«Қазақстанның синтетикалық және өсімдік шикізатынан жаңа бірегей отандық дәрілік заттарды әзірлеу, құру және енгізу» жұмыстары үшін авторлар тобы – ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиевқа (ғылыми жетекші), т.ғ.д., профессор Д.В. Соколовқа (кейін қайтыс болған), х.ғ.д., профессор Б.М. Жиембаевқа, х.ғ.д., профессор М.П. Ирисметовқа, х.ғ.к., доцент В.К. Юға 2003 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен ғылым, техника және білім саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Институттың көптеген ерекше зерттеу жұмыстары ИНТАС Халықаралық қорымен (жетекшілері – Е.Е. Ерғожин, Қ.Ж. Пірәлиев, К.Б. Ержанов), АҚШ азаматтық зерттеулерді дамыту қорымен (жетекшілері – Е.Е. Ерғожин, Қ.Ж. Пірәлиев, В.К. Ю, Л.А. Каюкова), ХҒТО (жетекшілері – Е.Е. Ерғожин, Қ.Ж. Пірәлиев,) қаржыландырылды. 2002 жылы «Ғылым – бейбітшілік үшін» (жетекшісі – Б.А. Жұбанов) НАТО – ның гранты алынды. АҚШ Азаматтық зерттеулерді дамыту қорының (жетекшілері – ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин және х.ғ.д., профессор О.В. Агашкин) грантына құны 250 мың АҚШ доллар болатын «Mercury-300» ядролық магниттік резонанстың замануи спектрометрі тегін алынды.
Іргелі зерттеулердің нәтижесінде азациклдік туындылар қатарына фармакологиялық белсенді заттардың синтетикалық іздестіруі бағыты бойынша ғылыми деректер банкі құрылды.
РФ Новокузнецк Химия-фармацевтикалық ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Просидол» – морфинді синтетикалық алмастырғыш жасалды. Қазіргі уақытта осы препараттың үш дайын дәрілік түрі жасалды және медициналық тәжірибеге енгізілді. «Казкаин» препараты медицинада ерекше қызығушылық тудырды, сондықтан инфильтрационды және өткізгіштік анестезия үшін нақты жергілікті орын аймағына анестезия ретінде ұсынылған, оның негізгі параметрлік артықшылықтары бойынша қазіргі уақытта клиникалық тәжірибеде жергілікті анестетиктер кеңінен қолданады (ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиев).
Гипертониялық ауруды емдеуге арналған тиімді дәрілік заттардың бірі клофелин болып табылады. Алайда, бұл препараттың оң қасиеттермен қатар, белгілі бір кемшіліктері де бар: қысқа мерзімді әсер ету ұзақтығы, бастапқы қабылдау кезінде артериялық қысымның күрт төмендеуі, препараттың дозасын тоқтату немесе төмендету кезінде жанама құбылыстар. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында, академик Б.А. Жұбанов Қ.Ж. Пірәлиевпен және ҚР ДСМ кардиология ҚазҒЗИ мамандарымен бірлесе отырып, ұртқалта (ұрттық) пішінде ауыздың шырышты қуысына жағуға арналған пластинкалар түрінде, клофелиннің жаңа полимерлік түрін (КЛОФЕБУКАЛ препараты) жасау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің ірі циклі жасалды. Клиникалық сынақтардың бірінші және екінші фазалары көрсеткендей, клофебукал гипотензиялық әсердің ұзақтығын едәуір арттырады, қабылдағаннан кейін бастапқы сәтте артериялық қысымның күрт төмендеуін болдырмайды және қажет болған жағдайда емдеу курсын тоқтатуға болады. ҚР ДСМ фармакологиялық комитеті осы препаратты өнеркәсіптік деңгейде өндіруге және медицинада қолдануға рұқсат берді.
Институт ғалымдарының еңбектері елімізде және шетелдерде танылды.
1980 жылдары Химия ғылымдары институты бірқатар халықаралық конференциялар мен симпозиумдарды ұйымдастырды. Атап айтқанда, ХҒИ-да 1981 жылы – поликонденсация бойынша Халықаралық микросимпозиумы, 1983 жылы – «Сұйық фазадағы каталитикалық реакциялар» Бүкілодақтық конференциясы, 1984 жылы – макроскопиялық кинетика және химиялық газ динамикасы бойынша Бүкілодақтық симпозиумы, 1985 жылы – жоғары молекулалық қосылыстар бойынша Бүкілодақтық конференциялары өткізілді.
Институт тарихындағы маңызды кезең 1975 жылы Алматы қаласында өткен жалпы және қолданбалы химия бойынша XI Менделеев съезін ұйымдастыру болды. Институттың көптеген жетекші химия-ғалымдары Ұйымдастыру комитетінің мүшелері, Ион алмастырғыш шәйірлер зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы Е.Е. Ерғожин – Ұйымдастыру комитетінің жауапты ғылыми хатшысы болды (Е.Е. Ерғожиннің «Ғылым және ғалымдар туралы» Том 1 (892 б.). Том 2 (918 б.) Алматы. 2013 г. кітабын қараңыз), сондай-ақ келесі конференциялар ұйымдастырылды және өткізілді: «Молекулярлық құрылымының салдары ретіндегі ерекше қасиеттері бар полимерлер» КСРО – ГФР ІІІ Халықаралық Симпозиумы (1988), «Фосфаттар-84» фосфаттар бойынша VI Бүкілодақтық конференциясы (1984) және «Қазақстанның минералды тыңайтқыштары және табиғи тұздар химиясы» V Республикалық конференциясы (1983).
Институт директоры Е. Е. Ерғожиннің жеке бастамасы бойынша Институт төменде аталған: «Қоршаған ортаны қорғау» Д. И. Менделеев атындағы Бүкілодақтық химия қоғамның орталық және аймақтық басқармалары секциялары басшыларының Бүкілодақтық кеңесі (1989 ж.); «Аналитика-89» аналитикалық химия бойынша IX Республикалық конференциясы (1989 ж.); «Мономерлер мен полимерлер химиясының қазіргі жағдайы мен даму болашағы» жалпы институттық ғылыми конференциясы (1989 ж.); «Полимерлер синтезінің дәстүрлі емес тәсілдері» жас ғалымдардың I Халықаралық мектеп-семинары (1990 ж.), мектеп-семинардың ұйымдастыру комитетін полимерлер химиясы саласындағы еліміздің жетекші ғалымдары – КСРО ҒА академигі В. А. Кабанов және Қазақ КСР ҒА академигі Е.Е. Ерғожин басқарды; «Жанғыштығы төмен полимерлік материалдар» I Халықаралық конференциясы (1990 ж.); «Қазақ тілі және ғылым тану» I Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (1990 ж.); «Медицина және ауылшаруашылығына арналған дәрілік шикізатты қайта өңдеу және фитопрепараттарды өндіру» IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (1996 ж.); «Медицина және ауылшаруашылығы үшін дәрілік шикізатты өңдеу, фитопрепараттар өндіру технологиясы» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (1997 ж.); Қазақстанда мұнай, мономерлер және жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаушы, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР ҒА академигі С. Р. Рафиковтың туғанына 85 жыл толуына және еске алуға арналған «Қазақстанда жоғары молекулалық қосылыстар химиясы саласындағы академик С.Р. Рафиковтың идеяларын дамыту» атты республикалық ғылыми конференциясы (1997 ж.); Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі И.Н. Әзірбаевтың 85 жылдығына арналған Ә.Б. Бектұров атындағы ХҒИ ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы (1997 ж .), Химик күніне арналған жас ғалымдардың республикалық ғылыми конференциясы (1998 ж.); «Академик Б. А. Жұбановтың Қазақстандағы жоғары молекулалық қосылыстар химиясын дамытудағы рөлі» республикалық ғылыми конференциясы (1998 ж.); академик Қ. И. Сәтпаевтың 100 жылдығына арналған жас ғалымдардың республикалық конференциясы (1999 ж.); академик Ә.Б. Бектұровтың 100 жылдығына арналған «Химия ғылымы Қазақстанның XXI ғасырдағы химиялық өнеркәсібін дамытудың негізі ретінде» халықаралық симпозиум (2001 ж.); Қазақстанда мұнай, мономерлер және жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаушы, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР ҒА академигі С. Р. Рафиковтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Мономерлер мен полимерлер химиясының мәселелері» атты I Халықаралық Рафиков съезі (2002 ж.); Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор И. Н. Әзірбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасындағы органикалық химияның жағдайы мен келешегі» атты халықаралық конференция (2002 ж .); «Қазақстанның жас ғалым-химиктерінің ғылыми жетістіктері» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми конференциясы (2003 ж.); НАТО ғылыми кеңесінің қолдауымен Франция, РФ, Өзбекстан және қазақстандық ғалымдардың қатысуымен Ә.Б. Бектұров атындағы ХҒИ ұйымдастырған «Жоғары көрініс пен электрөткізгіштігі бар металлизацияланған жаңа полиимидтік материалдарды алу технологиясы» халықаралық семинары (2003 ж.); академиктер С.Р. Рафиков пен Б. В. Суворовтың тотығу аммонолизі реакциясы ашуының 50 жылдығына арналған «Органикалық қосылыстардың тотығу аммонолизі» республикалық конференциясы (2003 ж.); техника ғылымдарының докторы, профессор Д. З. Серазетдиновтің 70 жылдығына арналған «Тыңайтқыштар мен материалдардың химиясы және технологиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2004 ж.); Қазақ КСР ҒА академигі М.И. Горяевтің 100 жылдығына арналған «Табиғи және синтетикалық биологиялық белсенді қосылыстардың химиясы мен қолданылуы» атты халықаралық ғылыми конференция (2004 ж.) ғылыми жиындар мен басқаруларды ұйымдастырды.
Жаңғыз-Төбе, Державинск, Байқоңыр және Балапан (Курчатов ядролық полигоны) – стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің бұрынғы орналасқан аймақтарының химиялық ластану деңгейін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына халықаралық тендерді 1996 жылы Ә. Б. Бектұров атындағы ХҒИ «Brown&Root Civil (Halliburton корпорациясы), ABBSUSA (АҚШ) фирмаларымен бірлесіп жеңіп алды (жоба жетекшілері – ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин мен х.ғ.д., профессор В. А. Соломин).
Қазақстанның әр түрлі аймақтарында орналасқан СС-18 құрлықаралық баллистикалық зымырандарының шахталық іске қосу қондырғыларын бөлшектеу жобасы шеңберінде орындалған топырақ пен жер асты суларының химиялық ластануын бағалау бойынша табысты және мерзімінен бұрын жүргізілген зерттеулер (жоспарланған төрт жылдың орнына үш жыл) үшін, Институт АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіпті төмендету жөніндегі агенттігінің алғыс грамотасымен марапатталынды. 1999 жылы 8-14 қазан аралығында Америка үкіметінің атынан Институтқа АҚШ қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің өкілдері – халықаралық жобалар жөніндегі бас менеджер Джон Е. Букер және менеджер Лаура Смайли 264,547 мың доллар тұратын дала жағдайында жұмыс істейтін қондырғы, химия-экологиялық зертхананы, өтемсіз беру мақсатында институтқа алып келді.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-ның нақты технологиялық конденсаттарында оларды фенол мен аммоний азотынан тазарту үшін электрмембраналық технологияны пайдалануға арнайы келісім жасалынып, «КТ-1, УЗК кешенінің С-200 қондырғысының технологиялық конденсатын фенолдар мен аммоний азотынан тазарту блоктарының жұмысын оңтайландыру бойынша зерттеу және ұсыныстар беру» (2011) (ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин) әзірленді және сыналды. Жүргізілген зерттеулер барысында сынақ стенді және кері осмостық пилоттық қондырғы дайындалды. Қалған органикалық иондар қосымша модифицирленген шунгиттер мен цеолиттер негізінде синтезделген органоминералды сорбенттер сорбциясымен технологиялық ағындылардың тұз құрамы ШРК (ПДК) деңгейіне дейін жеткізіледі.
ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин мен «Мембраналық технологиялар» ЖШС директоры техника ғылымдарының докторы А. А. Цхайдың басшылығымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент) «Айналмалы сумен қамтамасыз ету үшін өнеркәсіпте қолданылған ағынды суларды тазарту және тұщыландыру» (2013-2018) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-констукторлық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар осы зауыттарда «Құрамында тұзы бар қоспалардан тазартылған ағынды суды алдын ала салқындату және зауыттың технологиялық мұқтаждықтары үшін қайта пайдалану үшін қажетті нормаларға дейін тазарту технологиясын әзірлеу» (2016); «Реагенттерді беруді оңтайландыру, оларды автоматты мөлшерлеу тәсілдерін және айналым суын өңдеу сапасын бақылау әдістерін әзірлеу мақсатында айналым жүйелерінің су-химиялық режимін (CХР) зерттеу»; «Суды деминерализациялау қондырғысында кері осмос блогынан суды импульсті электромагниттік өңдеу технологиясына ұзақ мерзімді сынақ жүргізу» (2017); «Қайта пайдалану үшін дренажды суды пайдалану технологиясын әзірлеу» (2018) сияқты ҒЗЖ және ТКЖ орындалды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде суды тазалаудың оңтайлы схемасы таңдалды, әрбір кәсіпорында суды тазалаудың өнеркәсіптік станцияларын жобалауға арналған ұсыныстар мен техникалық тапсырмалар әзірленді.
2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Ә.Б. Бектұров атындағы ХҒИ-ның екі жобасын қаржыландырды. «Өзен-Атырау-Самара магистральды құбырымен тасымалданатын жоғары парафинді және жоғары шәйірлі мұнайлардың тұтқырлығын төмендету үшін, аппарат құрылғысын жасақтау» тақырыбындағы бірінші жобаның қаржы көлемі 26 млн. 880 мың теңге, 2013 жылға 38,0 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды. Зерттеу нәтижесі тұтқырлығы жоғары, ауыр әрі құны арзан мұнайды жеңіл фракциялармен байытуға және мұнайдың жоғары тұтқырлығы мен қату температурасын төмендетуге мүмкіндік беретін аппарат құрылғысын жасақтау болып табылады. Осының нәтижесінде мұнайдан алынатын фракциялық құрамның, тығыздықтың, ағын қозғалысы мен басқа да параметрлердің қажетті көрсеткіштеріне қол жеткізуге болады. Аталған көрсеткіштерді пайдаланудың нақты мысалдары ретінде мынадай үдерістерді атауға болады: мұнай және мұнай өнімдерінің құбыр бойымен тасымалы, мұнайды цистерналардан құйып алу және цистернаның ішкі беттерін мұнайдың қатты қалдықтарынан тазарту. Тапсырыс беруші «ҚазТрансОйл» АҚ интергельді жүйелерді қолдана отырып Астрахань-Маңғышлақ суағары арқылы тасымалданатын ауыз суды дайындауға арналған қондырғыны әзірлеу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізу» атты құны 26 млн 746 мың теңге көлеміндегі екінші жобаны мақұлдады (ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ. Жұмаділов).
Сондай-ақ «Базалық мотор майларын өндіру технологиясы» жобасы «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ» және «ҚМГИ» АҚ ғылыми – техникалық кеңесінің мақұлдауына ие болып, оны 2013-2014 ж.ж. қаржыландыру жоспарланған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы шектеусіз мол шикізаттың болуына қарамастан, мотор, жанармай алу өндірісі жоқ және аталған салада импорттық майларды отандық өнімдермен алмастыру өзекті мәселелердің бірі. (ғылыми жетекші – доктор Қ.А. Кадирбеков).
Институттың бас директорының бірінші орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө. Д. Жүсіпбековтың басшылығымен энергия жинақтайтын заттарды қолдана отырып, мұнаймен ластанған (мазут) топырақты өңдеудің инновациялық технологиясының ғылыми негіздері құрылды.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ арасындағы меморандумға, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» АҚ мен институт арасындағы шарттарға сәйкес 2011 жылдан бастап құрамында мұнай бар қалдықтарды кәдеге жаратудың әзірленген жаңа технологиясына сынақ жүргізілуде.
Технологияны өнеркәсіптік игеру үшін қуаты 20 т/сағ болатын мазутталған топырақты қайта өңдеу бойынша 2 кешен сатып алынды («Экологиялық қауіпсіздік институты» ЖАҚ, Курск қ., Ресей).
2011-2013 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның НГДУ-1 №57 полигонында газдалған (мұнайы бар) топырақты пайдалы компоненттерге кәдеге жаратудың жаңа технологиясына ірілендірілген және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау жүргізілді, ал 2014 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның МГДУ-1, МГДУ-2, МГДУ-3 және МГДУ-4-те 500 мың тоннаға жуық бейтараптандырылған топырақты қайта өңдеп кейіннен құрылыс-жол материалдарын (брусчатка, тротуарлық плитка, бордюрлер және т.б.) алуға пайдалануға болатын технология әзірленіп енгізілді.
Бейтараптандыру нәтижесінде уытты қалдық – мазутталған топырақ қауіптіліктің 3-сыныбынан қауіптіліктің 4-сыныбындағы қауіпсіз тауар өніміне ауыстырылды. Бейтараптандырылған топырақтың және алынған өнімнің қауіпсіздігі туралы қорытынды алынды (ҚР ДСМ МСЭҚК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК, Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Экологиялық зерттеу зертханасы» МКК зерттеу хаттамалары бар). Техникалық құжаттар әзірленді және бекітілді: технологиялық регламент, жұмыс жобасы, ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау).
Бейтараптандырылған мұнаймен ластанған топырақты мұнай ұңғымаларын абаттандыру, тозған жерлерді қалпына келтіру үшін қажетті материалдарға қайта өңдеу технологиясын сынау жүргізілді. Жаңаөзен қаласындағы «Рахат» шағын ауданындағы орта мектептің жанында және «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлімшесінің өндірістік алаңдарында салынған 50000 данадан астам тротуар плиталарының тәжірибелік партиясы алынды.
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-мен бірлесіп ұзындығы 800 м және 1000 м, ені 7,0 м. жолдың 2 тәжірибелік учаскесі салынды. Бекітілген топырақ қоспаларының оңтайлы құрамы және ылғалды жағдайларда 28 тәуліктен кейін бекітілген материалдар үлгілерінің физика-механикалық көрсеткіштері анықталды (ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө. Ж. Жүсіпбеков).
2011 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-мен алициклді полиимид негізінде (кернеуі 110 және 220 кВ трансформаторларға арналған пленкалы оқшаулау, кабельді-өткізгіш өнімге арналған эмаль – сымдар) электр техникалық мақсаттағы полимерлік материалдарды алу технологиясын өңдеу бойынша жұмыстар басталды, олар ағымдағы жылы да жалғасуда (ғылыми жетекші-химия ғылымдарының докторы В. Д. Кравцова).
ХҒИ-ның зерттеулері биологиялық әсерінің кең спектрлі әлеуетті фармакологиялық белсенділігі бар жаңа заттардың дәстүрлі органикалық, сондай – ақ микротолқынды (жасыл) химиясының әдістерін қамтитын жаңа функционалдық ауыстырылған моно-және бициклді азагетероциклдерді синтездеу жолдарын әзірлеуге бағытталған. «Синтетикалық құрастыру – нәзік химиялық құрылым – физика-химиялық және спектральді қасиеттер – биологиялық әсерлер» зияткерлік талдауының алынған нәтижелері медицина мен ауыл шаруашылығы үшін инновациялық тиімді және қауіпсіз препараттарды одан әрі бағыттап іздеу үшін кепіл болып табылады (ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиев).
ҚР ҰҒА академигі Е. Е. Ерғожин және химия ғылымдарының докторы, профессор Н. А. Бектенов «Жол құрылысына арналған топырақ және асфальтбетон қоспаларын алу технологиясын жасау» (2015-2017 жж.) жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тиімді тәсілдер әзірленді, жергілікті минералдық шикізат (цеолит, керамзит және т.б.) және өнеркәсіптік қалдықтар («Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мазутталған топырағы, Жаңа Жамбыл фосфор зауытының түрлі шлактары мен шламдары, Қашаған құрғақ шламы, көмір шлактары) негізінде жаңа топырақ бетондарын алу бойынша қоспалардың жаңа құрамдары ұсынылды және оңтайландырылды. Тәжірибелік үлгілер жасалынды.
Сонымен қатар осы институтта көмірсутек шикізатын қайта өңдеу негізінде жаңа беттік-белсенді заттарды алу технологиясы әзірленді. Құрамында күкірті бар қосылыстар қатарында сульфидті кендерді байыту кезінде флотациялық және селективті қасиеттері бар жаңа жоғары тиімді ПБЗ әзірленді, олар қазіргі уақытта ірілендірілген жағдайларда өндірістік көлемде жинағыш және көбік түзуші ретінде тестіленеді (ғылыми жетекші – химия ғылымдарының докторы, профессор Қ. Б. Ержанов). Өсімдіктердің өсуін реттегіштерді өндіру саласында инновациялық зерттеулер жүргізілуде. Акпинол-альфа препаратының көкөніс, дәнді, жеміс-жидек, түрлі ағаш және гүл-сәндік дақылдарда жоғары тиімділігі көрсетілген. Бұл жұмыстарды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен ұлттық инновациялық қор атап өтті.
Институттың әр түрлі жылдардағы әкімшілік-басқару саласындағы директор орынбасарлары – Д.В. Соколский (1945-1948), В.М. Ильюшенко (1951-1952), Д.В. Соколов (1952-1954), К. Біләлов (1954-1957), Б.В. Суворов (1957-1959), Л. Н. Шеллуяков (1960-1970), В.Г. Гуталыук (1964-1972), М.В. Носек (1970-1978), Д.К. Салықбаев (1972-1980), А.И. Джурумбаев (1978-1988), М.Н. Казов (1988-1989), К.М. Гибов (1987-1988), Д.З. Серазетдинов (1989-1994), Ю.Г. Бозыев (1981-1992), К.Б. Ержанов (1992-1994), К.Т. Арынов (1994-1997), Б.Ж. Жиембаев (2006-2009 жж.), В.А. Синяев (2007-2009 жж.), Қ.Д. Пралиев (1994-2006, 2009-2013 жж.), У.Ж. Джусипбеков (1997-2014 жж., Қазіргі уақытқа дейін – Бас директордың бірінші орынбасары), Е.Т. Толысбаев – бас директордың орынбасары (2011-2016 жж.) және Б.Н. Абсадыков (2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін – бас директордың орынбасары).
Институттың әр түрлі жылдардағы ғылыми хатшылары: Ю. А. Дунаев (1964-1966), Д. К. Салтыбаев (1968-1972), Ю. Г. Босяков (1972-1979), Р. Ш. Құтжанов (1979-1983), А. Ш. Губашева (1983-1988), Л. А. Бимендина (1988-1993), Б. Ж. Жиембаев (1993-1994), К. Х. Тастанов (1994-1995), Б. И. Нұрмұхамбетова (1998-2007), А. Т. Садырова (1995-1998), К. Х. Тастанов (1994-1995), А.Е. Малмакова ( 2018 ден қазіргі уақытқа дейін).
Талантты жас ғалымдар үшін мемлекеттік стипендияны Ахметова Г.С. (1997-1998 жж.), Нұрғалиева Г.О. (2001-2002 жж.), Мұканова М.С. (2002-2004 жж.), Омарова Г.Т. (2006-2007 жж.), Баяхметова З.К. (2010-2011 жж.), Исаева Ұ.Б. (2018-2019 жж.) жеңіп алды.
2002 жылы Жүсіпбеков Ө.Ж. «Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамы туралы» төс белгісімен, 2006 жылы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, «Разработка и освоение технологии получения новых композиционных материалов на основе гуминовых соединений» жұмысы үшін ҚР БҒМ «2005 жылдың ең үздік жобасы» сертификатымен; «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның құрмет грамотасымен (2016 ж.) марапатталды. Сюжеттер телеарналарда («31 арна», «Рахат», «Алматы», «Хабар», «Caspionet», «Қазақстан», «Білім және мәдениет», «Хабар 24»), радиода («Қазақ радиосы», «Шалқар», «Азаттық радиосы») сұхбаттар берілді, газеттерде («Кешкі Алматы», «ZamanҚазақстан» және «Жетісу») мақалалар жарияланды.
2006 жылы ж.ғ.қ., х.ғ.д. Батырбеков E.O. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығын беру жөніндегі Комитетінің «Ғылым» номинациясы бойынша «Үміт» жоғары сыйлығын алды.
2006 жылдың 16 қазанында Мәскеуде металданған полиимидтерді өндіру технологиясын енгізген полимер синтезі зертханасының инженері Вечеркина Е.Л. бірінші ғарышкер Ю.А. Гагаринге 50 жыл толуына арналған Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған, аэроғарыштық технологиялар мен материалдар бойынша жастар инновациялық жобаларының Бірінші байқауында І жүлдені жеңіп алды.
2007 ж. инженер Вечеркина Е.Л.. Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының жастарды марапаттау рәсімінде, жаңа технологиялар бойынша ұсыныстары үшін Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің арнайы дипломымен марапатталды.
2007 жылы аспирант Шмаков С.Н. Дүниежүзілік ғалымдар қоғамының студенттік стипендиясының иегері болды.
Сычева Э. «Химическая трансформация элементной серы в полифункциональные вещества» ғылыми-зерттеу жұмысы үшін «ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қор грантының лауреаты атанды (2008-2009 жж.).
Жетекші ғылыми қызметкер Мұқанова М.С. Германиядағы Рейн-Вестфаль техникалық университеті Органикалық химия институтында ғылыми тағылымдамадан өтті (2008-2010 жж.).
Ғылыми қызметкер, х.ғ.к. Жунусбекова Н.М. Германиядағы (Зеген қ.) World Forum on Advanced Materials POLYCHAR Дүниежүзілік форумына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының қатысу грантын жеңіп алды, 7-10 сәуір 2010 ж., баяндама 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2014 жылдың 24 қазанында химия ғылымдарының докторы, профессор Жұмаділов Т.Қ. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының «Labore et Scientia (Еңбек және білім)», Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциум орденімен; «Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциум – Дмитрий Менделеев» медалімен, 2014 ж.; 15 химия ғылымдары кандидатын – біліктілігі жоғары кадрларды даярлағаны үшін «Ғылыми мектептің негізін қалаушы» құрметті атағымен марапатталды. 2014 ж. профессор Жұмаділов Т.Қ. Американдық химия қоғамның мүшелігіне қабылданды.
Профессор Жұмаділов Т.Қ. екі ғылыми жаңалықтың авторы:
- № 364 ғылыми жаңалық. «Закономерность изменения степени набухания неоднородных полимерных гидрогелей от температуры (триггерный эффект)», Ғылыми жаңалықтар авторларының халықаралық қауымдастығы ресми түрде растаған және мойындаған. Авторлары: Мун Г.А., Сулейменов И.Е., Жұмаділов Т.Қ., 2008 ж.
- № 368 ғылыми жаңалық. «Явление изменения степени набухания гидрогелей при их дистанционном взаимодействии». Авторлары: Жұмаділов Т.Қ., Сулейменов И.Е., Мун Г.А., 2008 ж.
2015 ж. х.ғ.д., профессор М.Б. Өмірзақова Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, «Labore et Scientia» (Еңбек және білім) және Дмитрий Менделеев орденімен марапатталды және РЖА Президиумының «Еңбек сіңірген ғылым және білім қызметкері» құрметті атағына ие болды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті өнертабыстарды, пайдалы модельдерді қорғау саласында өткізген республикалық конкурстың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрі Б. М. Имашевтың 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығымен Институттың бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожинге «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы берілді.
2016 жылы институттың синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор К.Д. Пірәлиевке «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді.
2016 жылдың 12 қазанында Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі С.Р. Рафиков атындағы Үлкен конференц-залы мен Институт жанындағы ақпараттық-кітапханалық орталықта (АКО) Қазақстан Республикасы химия саласының жетекші ғылыми мекемелерінің ғылыми қызметкерлерінің («Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Химиялық инженерия» Ғылыми-білім беру орталығы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» АҚ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т. б.) қатысуымен «SciFinder. The choice for chemistry research» семинар-тренинг өтті.
Халықаралық семинар-тренингті Институттың бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Е. Е. Ерғожин ашты. Chemical Abstarcts Service өкілдері Кристоф Шнайдер, Вели-Пекка Хюттинен және Денис Ерохин өз жұмыстары бойынша жалпы презентация өткізді. Мұнан соң аудитория Scifinder жүйесіндегі химиялық ақпаратпен, PatentPak патенттерімен жұмыс істеуге арналған қосымшалармен, Methods Now және ChemZent синтетикалық және аналитикалық әдістердің жиынтығымен таныстырылды.
2016 жылдың 4 қарашасында Алматы қаласында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ғимаратында (ҰМҒТ СО), Springer Nature ірі халықаралық баспасының ҰМҒТ СО АҚ-мен бірлесіп құрған Top Springer Author-2016 ғылым және техника саласындағы тәуелсіз марапатты тапсыру рәсімі өтті, оған Қазақстан мен Орталық Азияның отандық және шетелдік ғалымдары қатысты.
Институттың физиологиялық белсенді қосылыстары зертханасының қызметкерлері Визер С.А., Сычева Е.С., Курманкулов Н.Б., Ержанов К.Б. Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының мәліметтері бойынша жарияланған белсенділік пен дәйексөзге келтірудің жоғары көрсеткіштері үшін «Қазақстанның мақалалары Импакт-факторы жоғары журналдарда» номинациясында «Propargylic sulfides- synthesis, properties, Application» 37,37 импакт-факторы бар Chemical Reviews журналында мақала жариялағаны үшін «Ғылым көшбасшысы» атты тәуелсіз марапатқа ие болды. (Vizer S.A., Sycheva Y.S., Kurmankulov N.B., Yerzhanov K.B., Quntar A., Dembitsky V.M.Propargylic sulfides – synthesis, properties, application / Chemical Reviews. – 2015. – Vol. 115, No 3.-pp. 1475-1502).
2017 жылдың ақпан айында Қазақстан корейлері ассоциациясының ұсынысы бойынша химия ғылымдарының докторы, профессор В. К. Ю Орталық (Қазақстан және Монғолия) және Орта Азия (Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) елдері комитетінің кеңесшісі болып тағайындалды. Мүшелік билетке (сертификатқа) президент Мун Чже Ин қол қойды.
Біріктіру жөніндегі Ұлттық консультативтік кеңес (The National Unification Advisory Council ел Президентінің төрағалығымен) – 1980 жылы құрылған және Кореяның бейбіт біріктіру саясатын әзірлеу және іске асыру жөніндегі азаматтар мен Үкіметтің бітімгершілік күштерін біріктіруге бағытталған Корея Республикасының үкіметі жанындағы мемлекеттік орган болып табылады. Кеңес құрамына 18 шетелдік аймақтық кеңестер және 122 елден 43 комитеттер кіреді.
2017 жылдың 3 наурызында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыны Қоры сыйлығының лауреаттары үшін жыл сайынғы салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Философия доктор (PhD) синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері A.E. Малмакова Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті – Елбасы Қорының Ғылым мен техника саласындағы жоғары жетістігі сыйлығының лауреаты атанды.
Халықаралық зияткерлік меншік күні – 2017 жылғы 26 сәуір Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастырған «Шапағат» екінші республикалық онлайн-өнертапқыш сайысы өткізілді. Конкурсқа қатысушылар патенттелген өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы бейнероликтерді ұсынды, оның ішінде жаңалық, өнертабыстың өзектілігі, әлеуметтік маңызы, өтемақы, кірістілік, мақсатты аудитория, құрылған немесе құрылатын жұмыс орындары туралы ақпарат. Конкурсқа ғылымның 32 саласының өнертабысы бар 115 ұсыныс түскен. Олардың ішінен ең көп дауыс жинаған 10 өнертапқыш жеңімпаз деп танылды.
Институт ғалымдары интернет-дауыс берудің қорытындысы бойынша бірінші ондықтың үшеуін алды (бұл жағдай жалпы елдегі өнертапқыштық белсенділіктің сипатын көрсетеді). Көптеген жылдар бойы ИХН қауіпсіздік құжаттарының саны бойынша жетекші орынға ие және өндірістегі ғылыми нәтижелерді жүзеге асыруда.
Конкурстың лауреаттары атанған Институттың ғалымдары, «Шапағат» мүсіншелерімен марапатталды. Атап айтқанда бірінші орынды №2065 ҚР патентімен қорғалған «Микроэлементтермен кешенді тыңайтқыш алу әдісі» жобасы үшін ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ж. Жүсіпбеков, техника ғылымдарының докторы, профессор Р.М. Чернякова, техника ғылымдарының докторы, профессор Д.С. Бержанов, философия ғылымдарының докторы (PhD) А.А. Ағатаева, т.ғ.к., Р.А. Қайыңбаева, х.ғ.к., Н.Н. Қожабекова, т.ғ.к. Е.А. Тусупкалиев, бесінші орынды № 28807 ҚР патентімен қорғалған «Мұнаймен ластанған топырақты тазарту әдісі» техникалық шешімі үшін ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ж. Жүсіпбеков, химия ғылымдарының докторы, доцент Г.О. Нұрғалиева, Е.Р. Серікбаев, х.ғ.к. З.К. Баяхметова, Е.О. Жұмасіл, Д. Дүйсенбай, М.А. Куттумбетов және №30965 ҚР инновациялық патентімен қорғалған «Топырақты бетон қоспасы» юобасы үшін ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин, химия ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Бектенов, Қ.А. Садықов, А.К. Байдуллаева, Д. Қарғабай иеленді. Конкурсқа химия ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ. Жұмаділов те «Алтынды алу тәсілі» жобасымен қатысты.
2018 жылы Физиологиялық белсенді қосылыстар химиясы зертханасы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы болып табылады. Жобаның атауы: «Мал шаруашылығы үшін отандық азық қоспаларын өндіру» (№ 0377-18-ГК), 2019-2021 жж. (жоба жетекшісі – зертхана меңгерушісі, х.ғ.к. М. С. Мұқанова).
2011 жылы Институт ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстар мен қызметтерді орындау үшін 01379Р № 0042852 жалпы лицензиясын және қоршаған ортаны қорғауды жобалау мен қалыптастыру үшін № 0074679 қосымшасын алды. Ұқсас жеке лицензия ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожин, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ж. Жүсіпбеков, т.ғ.д., профессор С.У. Усманов және т.ғ.к. Е.А. Түсіпқалиевте бар.
2018 жылы Институт алғаш рет Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес аккредитациядан табысты өтіп, 2018 жылғы 22 қазандағы № KZ.Т. 02.0855 аккредитация туралы куәлік алды
Осыған байланысты, Физика-химиялық талдау әдістері мен экология зертханасы аккредиттеу саласына сəйкес өнімдерді жоғары деңгейде сапалы түрде сараптауға және анықтама беруге мүмкіндік алды (зертхана меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Е.А.Түсіпқалиев).
Сараптамалар «Bruker Daltonik GmbH», Германия, «Agilent technologies», АҚШ және «Varian, Inc. Scientific Instruments», Австралия. сияқты жетекші компаниялардың заманауи әрі жоғары сезімтал құрылғылары мен жабдықтары көмегімен жүргізіледі.
- ВЭЖХ-МС: ВЭЖХ 1200 Infinity Agilent cериясы Фурье solari XESI Maldi түрлендіргіштің көмегімен квадруполь-ион-циклотронымен масс-спектрометр біріктірілген. «Bruker Daltonik GmbH» фирмасы, Германия, Зав. № 827350000091, Инв. № 01325934.
- 5975С масс-селективті детектормен және NPD азот-фосфор детекторымен Agilent 6890N газды хроматограф, «Agilent technologies» фирмасы , АҚШ, Зав. № 10726026, Инв.№ 01325909.
- АА240 атомды-абсорбционды спектрометрі «Varian, Inc. Scientific Instruments», Австралия, Зав. № EL 105113672, Инв. № 01325889. ВИП-2МРООО вибрациялы сұйық тығыздықты өлшеу құралы «Термекс», Ресей, Зав. № 353001, Инв. № 0139219. («Қазақстанның химия журналы» журналында, № 4, 2018, 17-29 беттер).
2018 жылы жүргізілген рейтинг қорытындысы бойынша Институт өз саласы бойынша Қазақстанның кәсіпкерлік субъектілері арасында жоғары нәтижелер көрсетті. Зерттеу салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы ақпаратқа негізделді. Көрсеткіштердің негізінде Институт «2018 жылғы көшбасшы» деген беделді атаққа ие болды. Нәтижелер көрсеткендей, Институт Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорындарының арасында «Үлгілі салық төлеушілердің» көрсеткіші бойынша 3-ші орын («Алтын») және Қазақстан Республикасының Алматы қаласының мемлекеттік кәсіпорындары арасында «Мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі» көрсеткіші бойынша 1-ші орынға («Алтын») ие болды.