2025 жылдың 28-ақпанында «ХҒИ» АҚ Кіші конференц-залында Samruk-Kazyna Ondeu Бизнесті дамыту жөніндегі Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Ж.Б. Оразалиевпен және Samruk-Kazyna Ondeu Ғылым жөніндегі координаторы А.А. Шариповамен кездесу өтті.
«Samruk-Kazyna Ondeu» компаниясы 2009 жылы «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің 2008 жылғы 28 қарашадағы шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында «химия саласының жобаларымен айналысатын арнайы компания құру» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құрылды.
Бас директордың бірінші орынбасары х.ғ. д. К. А. Қадірбеков қонақтарды А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының ғылыми әзірлемелерімен қысқаша таныстырды. «ХҒИ» АҚ зертханаларының меңгерушілері жобалық ұсыныстары ұсынып, SK Ondeu-мен интеграциялау үшін ортаға салып талқылады.
Кездесуден кейін Samruk-Kazyna Ondeu өкілдері және «Бір белдеу, бір жол» Мұнай инженерлік институтының директоры С.Б. Айдарова Физика-химиялық талдау әдістері және экологиясы зертханасына барды.