Құрметті әріптестер!
Сіздерді көрнекті ғалым, академик Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Химия және химиялық технологияны дамытудың перспективалық бағыттары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.
Академик Ә.Б. Бектұров – Қазақстан химия ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Оның ғылыми еңбектері минералдық шикізатты кешенді өңдеу мен физикалық химияның дамуына берік негіз қалады. Аталған конференция қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында академик Бектұровтың ғылыми мектебінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, іргелі ғылым, білім беру және өндіріс өкілдері арасындағы ғылыми диалог алаңы болуды мақсат етеді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ СЕКЦИЯЛАРЫ
1 секция. Бейорганикалық, физикалық және агрохимия: синтез, процестер және технологиялар (Бейорганикалық қосылыстар мен тұздардың синтезі, процестер мен жүйелердің физикалық химиясы, реакциялар термодинамикасы мен кинетикасы, инновациялық минералдық тыңайтқыштар, өсу реттегіштері және экологиялық қауіпсіз өсімдік қорғау құралдарын өндіру).
2 секция. Көмірсутек шикізатының химиясы, катализ және өңдеу процестері (Каталитикалық жүйелер, мұнай мен газды терең өңдеу, мұнай-газ химиялық процестері, жоғары қосылған құны бар функционалдық материалдар мен өнімдерді алу).
3 секция. Органикалық химия, функционалдық полимерлік жүйелер және биофармацевтикалық технологиялар (Органикалық синтез, табиғи қосылыстар химиясы, биологиялық белсенді заттар, функционалдық полимерлер мен композиттер, сорбенттер, мембраналық және ионалмастырғыш материалдар, жоғары құнды өнімдерді алу технологиялары мен жеткізу жүйелері).
4 секция. Минералдық шикізатты өңдеудегі тұрақты технологиялар және «жасыл» химия (Гидрометаллургия, фосфориттер мен сирек жер элементтерін өңдеу, бағалы компоненттерді кешенді бөліп алу, «жасыл» химия, қалдықтарды азайту және экологиялық қауіпсіз химиялық-технологиялық процестер).
5 секция. Академик Ә.Б. Бектұров мұрасы: тарих, қазіргі заман және жастар ғылымы (Қазақстанның химиялық ғылыми мектептерінің эволюциясы, ғылымдағы тұлғаның рөлі, жас ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың баяндамалары).
НЕГІЗГІ КҮНДЕР МЕН ШАРТТАР
Өтетін күні: 24–25 қыркүйек 2026 жыл
Өтетін орны: Алматы қ., Satbayev University
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Тезистерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 25 тамызға дейін
ҚАТЫСУ ФОРМАТЫ
Пленарлық баяндама (ұйымдастыру комитетінің шақыруымен); Секциялық баяндама (ауызша немесе онлайн);
Тыңдаушы ретінде қатысу.
Ұйымдастыру комитеті: Satbayev University / АҚ Ә.Б. Бектұров атындағы «Химия ғылымдары институты»
Авторлардың назарына
Баяндамамен және баяндамасыз қатысушылардың тезистері конференция материалдарының жинағында жарияланады.
Көлемі А4 форматындағы 4 толық беттен аспайтын тезистер (суреттер, кестелер және әдебиеттер тізімімен қоса) қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде Microsoft Word форматында электронды түрде ұсынылады.
Формулалар ChemDraw (ChemOffice) бағдарламасы немесе Microsoft Word бағдарламасының кіріктірілген формула редакторы арқылы терілуі тиіс. Тезистер келесі электрондық поштаға жіберілуі қажет:
1. Жалпы талаптар
- Тезистер конференция секцияларының бірінің тақырыбына сәйкес болуы тиіс;
- Материалдар бұрын жарияланбаған зерттеу нәтижелерін қамтуы қажет;
- Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын;
- Ұсынылған барлық материалдар бағдарламалық комитет мүшелерінің ғылыми сараптамасынан өтеді;
- Сараптама нәтижелері бойынша ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
- Тезистердің көлемі мен құрылымы
Тезистер көлемі – А4 форматындағы 4 толық беттен аспауы тиіс. Ұсынылатын құрылым:
- Баяндама атауы;
- Авторлардың тегі мен аты-жөнінің бас әріптері;
- Ұйым, қала, мемлекет;
- Хат алмасуға арналған автордың e-mail мекенжайы;
- Түйінді сөздер (3–5 сөз);
- Кіріспе;
- Материалдар мен әдістер;
- Нәтижелер және талқылау;
- Қорытынды;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Рәсімдеу талаптары
- Бет форматы: А4;
- Жиектер: барлық жағынан 2 см;
- Қаріп: Times New Roman;
- Қаріп өлшемі: 12 pt;
- Жоларалық интервал: 1,0;
- Абзац шегінісі: 1 см;
- Мәтінді туралау: ені бойынша;
- Беттер нөмірленуі тиіс.
- Кестелер, суреттер және формулалар
Кестелер мен суреттер мәтінге енгізіліп, алғаш рет аталғаннан кейін орналастырылуы тиіс.
Барлық суреттер мен кестелердің атауы және реттік нөмірі болуы қажет.
Формулалар Microsoft Equation немесе MathType редакторлары арқылы терілуі тиіс.
Суреттер мен кестелердің өлшемі басып шығарғанда анық оқылатындай болуы керек.
- Әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер тізімі мәтінде келтірілу ретімен рәсімделеді.
Әдебиеттерге сілтемелер шаршы жақшада көрсетіледі: [1], [2–4]. Ұсынылатын әдебиеттер саны – 10 дереккөзден аспауы тиіс.
- Материалдарды қарау тәртібі
Барлық келіп түскен тезистер конференция тақырыбына және техникалық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі.
Материалдарды бағдарламалық комитеттің кемінде екі мүшесі қарайды. Қарау нәтижесінде тезистер:
- жариялауға қабылдануы;
- түзетуден кейін қабылдануы;
- қабылданбауы мүмкін.
Рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін немесе елеулі көлемде плагиат анықталған материалдар жариялауға қабылданбайды.
Пленарлық және ауызша баяндамалармен қатысатын барлық қатысушылар міндетті түрде қатысуға арналған ӨТІНІМДІ сілтеме Google Forms арқылы толтыруы қажет.
Бұл конференция бағдарламасын дайындау үшін қажет, бағдарлама қатысушыларға 20.09.2026 күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Баяндамашыларға арналған ақпарат:
Баяндама жасау уақыты – 20 минут, оның ішінде сұрақтарға жауап беру үшін 5 минутқа дейін қарастырылған.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы алынбайды.




