2023 жылдың 3-қарашасында Химия және химиялық технология факультетінің 3 курс студенттері химия ғылымдарының докторы, профессор Қадіррбеков Қайрат Адырбекұлы басқаратын А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының Мұнай химиясы және мұнай-химия синтезі зертханасында болды. Осы іс-шара барысында олар отандық ғалымдардың №12 ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) бағыты бойынша жүзеге асыруға қосқан үлесімен танысты. Мұндағы міндеттердің бірі қалдықтардың түзілуін айтарлықтай қысқарту болып табылады. Қадірбеков Қ.А. студенттерге зертхана бағыттарының бірі әртүрлі мұнай қалдықтарын (мұнай шламы, радиоактивті мұнай шламы, май қалдықтары, ластанған топырақ) тауарлық мұнай өнімдеріне және/немесе экологиялық таза материалдарға кәдеге жарату және/немесе бейтараптандыру мүмкіндігін ғылыми бағалауды жүзеге асыру болып табылатынын атап көрсетті.

06 11 2023

Сонымен қатар студенттер заманауи жабдықтармен қамтылған физика-химиялық зерттеулер зертханасына барды. Студенттердің Институтымызбен жақын танысуы олардың мұнай-химия және мұнай-газ ісі бойынша магистратура мен докторантурада одан әрі оқуға деген қызығушылығын арттырды.

Аталған іс-шараны физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушылары Р.А. Искакова, С. М. Наренова және докторант Н. Бузаев ұйымдастырды.

06 11 2023 1

www.kaznu.kz

#kaznu

#Chemfac_kaznu