Kaykova1

2024 жылдың 14 қарашасында Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы Президиумының шешімімен (№ 1254) ғылымның басым бағыттарын дамыту, білім беру, ғылыми мектептер құру, ғылыми кадрларды тәрбиелеу және дайындаудағы зор еңбегі үшін Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасы Бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдары докторы, профессор КАЮКОВА Людмила Александровнаға «Ғылым және білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағы берілді.

РЖҒА Президиумы Л.А.КАЮКОВға жеке ғылыми жетістіктерін, ғылыми мектебінің жетістіктері мен ғылымды дамытуға қосқан елеулі жеке табыстарын ескере отырып, Құрметті атаққа ұсынған.

Құрметті Людмила Александровна!

«А.Б. Бектұрова атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ ұжымы СІЗГЕ Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының «Ғылым және білім беру ісіне еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағының лайықты берілуімен ҚҰТТЫҚТАЙДЫ. СІЗГЕ ЗОР денсаулық, қажымас қайрат пен Қазақстан Республикасы химия ғылымы мен білімінің одан әрі дамуы жолында жаңа шығармашылық табыстар тілейді!

 

Kaykova3