2024 жылдың 28-мамырында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры З.О. Орынбекова «Ә.Б. Бектұрова атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ Бас директоры, ҚР ҰЖҒА академигі Х.С. Тасибековке «Өнертапқыштық және патенттік жұмысқа қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников атындағы алтын медалін табыс етті.
«Ә.Б. Бектұрова атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ «Өнертапқыштық және патенттік жұмысқа қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников атындағы алтын медалімен марапаттау туралы шешім Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесімен қабылданды.