Алматы қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 106

8 (727) 291-24-64, 8 (727) 291-23-89

Серіктестер

Қазақстанның химия журналы

Бағыттары

Институт ұжымы әлемдік ғылымның үрдісін ескере отырып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму қажеттіліктерінен туындаған өзекті ғылыми бағдарламаларға сәйкес зерттеулер жүргізеді.

Қазіргі уақытта Институтта келесі салалардағы зерттеулер сәтті дамып жатыр:

  • катализатор қатысындағы поликонденсация, полимеризация, химиялық модификация және комплекс түзілу зерттеулері негізінде мономерлер, полимерлер, ионалмастырғыш, тотығу-тотықсыздану, талғауыш сорбенттер мен мембраналар, поликомплексондар және конструкциялық материалдарды синтезі;
  • көмірсутектердің тотығуы мен тотығу аммонолизі;
  • медицина мен ауыл шаруашылығында биологиялық белсенділігі кең болып табылатын жаңа бірегей отандық препараттарды алу мақсатында полифункционалды-орын басушы топшалары бар гетероциклдік қосылыстарды тиімді синтездеу, стереохимиясы мен конформациялық талдау жасай отырып, олардың химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттерінің өзара байланысын зерттеу;
  • фосфор мен бейорганикалық фосфор құрамды материалдардың химиясы және химиялық технологиясы, минералды және техногенді шикізатты бейорганикалық өнімдерге, оның ішінде экологиялық таза тыңайтқыштарға, композициялық және биоматериалдарға, коррозия ингибиторларына, сорбенттерге айналдырудың озық технологиясын жасау;
  • топырақ пен су бойындағы техногенді органикалық ластағыштардың метаболизмі;  Қазақстан аймақтарын химиялық-экологиялық бақылау.

1945 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Институт қызметкерлері мен ізденушілері 138 докторлық, 577 кандидаттық диссертацияларын қорғады. 161 монография, 5 химиялық сөздік, 18 оқулық, 34 брошюра басылып шықты, 1170 КСРО авторлық куәлігі, 752 Қазақстан Республикасы патенттері және инновациялық патенттері алынды, 49 КСРО, Ресей Федерациясы патенттері, 58 шет елдердің патенттері, сондай-ақ, 9 тауарлы белгіні тіркеу туралы куәлік алынды.

 

Еңбек Қызыл Ту Орденді «Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің қорытынды нәтижелері 

Көрсеткіштер

Ә.Б. Бектұров, Қазақ КСР  ҒА академигі,

1946 ж. бастап 1968 ж. дейін

Институт директоры

Б.А. Жұбанов,

ҚР ҰҒА академигі,

1968 ж. бастап 1988 ж. дейін

Институт директоры

Е.Е. Ерғожин,

ҚР ҰҒА академигі, с 1988 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Институт директоры

Институт тарихында 1945-2018 жж. аралығында барлығы

Қорғалған докторлық диссертациялар

11

31

96

138

Қорғалған кандидаттық диссертациялар

80

200

297

577

Қорғаған

PhD

8

8

КСРО авторлық куәліктері

242

789

139

1170

Шет ел патенттері

18

40

58

Ресей Феде-рациясының патенттері

41

41

КСРО патенттері

8

8

ҚР патент-тері мен инно-вациялық патенттері

   

752

752

ҚР патенттері

215

215

Тауарлық белгілер

9

9

Монография-лар

18

47

96

161

Басылып шыққан ғылыми еңбектер

жинақтары

21

50

66

137

Конференциялар мен сим-позиумдар материал-дары

15

43

58

Басылып шыққан оқулықтар

1

3

14

18

Басылып шыққан

химиялық сөздіктер

5

5

Басылып шыққан брошюралар

4

6

24

34