Алматы қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 106

8 (727) 291-24-64, 8 (727) 291-23-89

Серіктестер

Қазақстанның химия журналы

Зертханалар

Химия ғылымдары институты – Қазақстандағы ең ірі зерттеу институттарының бірі. Оның құрамында 8 зертхана бар. Институтта  ҚР ҰҒА 2 академигі, 2 корреспондент мүшесі, 23 доктор, 25-тен астам ғылым кандидаттары және 9 PhD докторлар зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Ионалмастырғыш шәйірлер мен мембраналар зертханасы

Ғылыми бағыты: тор құрылымды ионалмастырғыш, комплекс түзуші және редоксополимерлерді синтездеу, физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу және олардың кешенді металл иондарымен органикалық қосылыстарға қатысты өтімділігі мен талғамдығын реттеп, басқару әдістерін түзу; жоғары физикалық-механикалық және электрохимиялық сипаттары бар жаңа ионалмастырғыш мембраналар алу әдістерін іздестіріп, солардың негізінде жаңа электродиализдік тұщыландыратын қондырғыларды жасау.

Зертхана меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы, химия ғылымдарының докторы, профессор Ерғожин Еділ Ерғожаұлы.

Тел.: +7 (727)-291-30-52

 

Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасы

Басты зерттеу бағыттары: қолданбалы медицина мен ветеринария саласында (иммуномодуляторлар, туберкулостатиктер, антигистаминді (аллергияға қарсы) ауруды басатын, антиаритмдік, бактерияға қарсы, диабетке қарсы және т.б. заттар), сондай-ақ, өсімдіктер өсуін жеделдететін (өсімдіктің өсуін үдеткіштер) ерекше полифункционалды гетероорганикалық жүйелердің молекулалық дизайнын жасаудың жаңа әдістерін табу, химиялық құрылым мен стреохимиясын зерттеп, «құрылым-белсенділік» арасындағы байланысты анықтау.

Зертхана меңгерушісі – ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақ КСР  Министрлер Кеңесі сыйлығының, Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР ҰҒА Академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы.

Тел.: +7 (727)-291-47-18, +7 (727)-291-60-69

 

Тыңайтқыштар және тұздар химиясы зертханасы

Ғылыми бағыты: құрамында мұнай және мұнай қалдықтары бар шикізатты қайта өңдеу барысында экологиялық таза және аз қалдықты технологиялық жүйені жасақтау,  сұранысқа ие пигменттерді, сорбенттерді, гуминді және силикофосфатты композициялық материалдарды, бейорганикалық және кешенді қосылысты тыңайтқыштардың жаңа түрлерін синтездеу; әр текті бейорганикалық жүйелерде тепе-теңдіксіз үдерістердің ғылыми негіздерін зерттеу.

Зертхана меңгерушісі – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Жүсіпбеков Өмірзақ Жұмасылұлы.

Тел.: +7 (727)-291-79-34

 

Полимерлердің синтезі және физика-химиясы зертханасы

Ғылыми бағыты: мономерлер, термотөзімді полимерлер, композициялық полимерлік материалдар, медициналық-биологиялық полимерлік жүйедегі және техникалық мақсаттағы гидрогельдерді зерттеу.

Зертхана меңгерушісі – химия ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақова Майра Бердіғалиқызы.

Тел.: +7 (727)-291-23-58

 

Физиологиялық белсенді қосылыстар химиясы зертханасы

Ғылыми бағыты: құрамында қанықпаған көміртек-көміртекті және көміртек-гетероатомды байланыстары бар, Қазақстанның өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында пайдалану үшін биологиялық және физиологиялық әлеуетті белсенді қасиетке ие, жаңа органикалық қосылыстардың қасиеттерін және стереохимиялық өзгерістерін, реакцияларға түсу бейімділігін зерттеу және синтездеу. Өсімдіктердің, пестицидтердің, флотореагенттердің және жем-шөп қоспаларының өсуін реттеуіштерін алудың қорларын үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз «жасыл» технологияларын жасаудың тың ғылыми негіздерін әзірлеу.

Зертхана меңгерушісі – химия ғылымдарының кандидаты Мұқанова Меруерт Сейсенбекқызы.

Тел.: +7 (727)-291-75-32

 

Мұнай химиясы және мұнай химиялық синтез зертханасы

Ғылыми бағыты: сұранысқа ие мұнай-химия өнімдеріндегі көмірсутектерді қайта өңдеу процестерінің каталитикалық жүйелерін әзірлеу; жоғары октанды және жоғары цетанды жанармайлар ұшін олардың қоспаларын алу; парциалды тотықтыру және тотықтыру аммонолизін зерттеу.

Зертхана меңгерушісі – химия ғылымдарының докторы, доцент Қадырбеков Қайрат Адырбекұлы.

Тел.: +7 (727)-293-92-98

 

Бейорганикалық синтез және материалдар зертханасы

Ғылыми бағыты: белсенді заттар синтезі және оларды препаративті үлгідегі тыңайтатын және фунгицидтік қасиеттері бар бейорганикалық тұздар мен фито қосылыстар негізіндегі полифункционалды әрекет ететін композициялардың физикалық-химиялық сипаттамалары мен агрохимиялық қасиеттерін зерттеу.

Зертхана меңгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты Омарова Гаухар Тұңғышбайқызы.

Тел.:+7 (727)-291-76-20

 

Физико-химиялық талдау әдістері және экология зертханасы

Ғылыми бағыты: биологиялық және агрохимиялық тиімді препараттарды, мұнай өнімдерін, органикалық ластағыштарды және құрамында мұнай бар қалдықтарды физикалық-химиялық зерттеу, экотоксиканттардың (азот негіздерінің, мұнайдың хош иісті компоненттерінің, пестицидтердің, тұрақты органикалық ластағыштардың) химиялық өзгерісін зерттеу; ҚР өндірістік объектілерінде қоршаған орта компоненттерінің өндірістік мониторингін жүргізу (топырақты, ауаны, жер асты суларын, флора мен фаунаны талдау); дәрілік заттарды және олардың туындыларын талдау жүргізу; табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау.

Зертхана меңгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты Түсіпқалиев Ерсін Әдиетұлы.

Тел.: 8 (727)-291-57-70

 

Патент-лицензиялық және баспа жұмыс жөніндегі бөлім

Патенттік бөлімнің міндеттері: Институттың зияткерлік меншігін қорғау, патенттік зерттеулер жүргізудегі ғылыми-әдістемелік басшылық, әртүрлі деңгейдегі көрмелерде перспективті әзірлемелерді жарнамалау және «Қазақстанның химиялық журналын» шығару.

Бөлім меңгерушісі – химия ғылымдарының кандидаты Дүйсенбенова Зинаш Қасқайқызы.

Тел.: 8 (727)-291-59-31