Алматы қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 106

8 (727) 291-24-64, 8 (727) 291-23-89

Серіктестер

Қазақстанның химия журналы

Журнал туралы

«Қазақстанның химия журналы» Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде (2003 жылғы 25-маусымдағы № 3995-Ж бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу туралы куәлік), Париждегі ISSN халықаралық орталығында (2005 жылғы 6-тамыздағы нөмірі ISSN 1813-1107) тіркелген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған (2013 жылғы 15-наурызындағы № 532 бұйрық) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелерін басып шығару үшін жарияланымдар тізіміне енгізілген.

Құрылтайшы – Еңбек Қызыл Ту орденді Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты. Журналдың негізін қалаушы және бас редакторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, еңбек сіңірген өнертапқыш, химия ғылымдарының докторы, профессор, Еңбек Қызыл Ту орденді Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының бас директоры ЕДІЛ ЕРҒОЖАҰЛЫ ЕРҒОЖИН.

«Қазақстанның химия журналы» 2003 жылы құрылған, жылына төрт рет шығады. Химия мен химиялық технологияның өзекті мәселелері бойынша бірегей мақалалар мен шолуларды келесі негізгі тараулар бойынша жарыққа шығарады:

  • бейорганикалық және органикалық химия;
  • мономерлер мен жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, ион алмасу және мембраналық технология;
  • мұнай химиясы және мұнай химиясы синтезі;
  • дәрілік заттар және физиологиялық белсенді қосылыстар химиясы;
  • химиялық экология;
  • тыңайтқыштар мен тұздар химиясы;
  • физикалық химия.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалалар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
050010 (A26F3Y1), Алматы қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 106.
Еңбек Қызыл Ту орденді Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты,
Tel. 8 (727) 291-24-64, 8 (727) 291-59-31.