г. Алматы, ул. Уалиханова, 106

8 (727) 291-24-64, 8 (727) 291-23-89

Партнеры

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Жаһандану жағдайында химия ғылымының, өндірісінің және білімінің даму тенденциялары, болашағы мен инновациялық тәсілдері», ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожиннің – 80 жылдығына арналған

ЕДІЛ ЕРҒОЖАҰЛЫ ЕРҒОЖИН – 80 ЖАСТА!

Конференция қазақстандық көрнекті ғалым-интернационалист -ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «Платиналы Тарлан» халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы, «Парасат» орденінің иегері, полимерлі химия мен ион алмасу, мембраналық технологиялар саласындағы атақты ғалым – Ерғожин Еділ Ерғожаұлының 80 жылдық мерейтойына арналған. Еділ Ерғожаұлының барлық саналы өмірі өз халқына қалтқысыз қызмет етудің, отандық химия ғылымының дамуының, жоғары білікті отандық кадрларды даярлаудың үлгісі болып табылады.

С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың студенті бола жүре ҚазКСР ҒА химия ғылымдары институтының ион алмасу шайырлары зертханасында ғылыми зерттеулермен айналыса бастады. 32 жасында докторлық диссертация қорғап, 42 жасында корреспондент-мүше, ал 48 жасында ҚазКСР Ғылым академиясының академигі болып сайланды.

32 іргелі монографияның, 7 оқулықтың, 72 шолу мақаланың, 1500 ғылыми мақаланың, КСРО-ның 350 авторлық куәлігінің, алдын-ала патенттердің, патенттердің, пайдалы модельге патенттердің, ҚР және шет елдердің инновациялық патенттерінің авторы, 2003 жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Қазақстанның химиялық журналы» ғылыми журналының негізін қалаушы және бас редакторы (2003-2020) Е.Е. Ерғожин ҚазКСР ҒА химия ғылымдары институтының ион алмасу шайырлары зертханасының меңгерушісінен ҚР ҒА вице-президентінен, ҚР Білім және ғылым вице-министріне дейін даңқты жолдан өтті.

Академик Е.Е. Ерғожин физика-химиялық және электрохимиялық сипаттамалары жақсартылған жаңа гетерогенді, гомогенді, интерполимерлі және биполярлы ион алмасу мембраналарын алудың бірегей технологияларын жасады, өнеркәсіптік электродиализдік қондырғылар мен суды тұщыландыру станцияларын әзірледі. Әзірленген технология Алматы электромеханикалық зауытында енгізілді. Мембраналық технологияның жаңа саласындағы басым ғылыми бағытты дамытқаны және ғылыми жетекші ретінде ЭДУ сериясындағы электродиализдік қондырғыларды әзірлеп, халық шаруашылығына енгізгені үшін Қазақ КСР-ның ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

Еділ Ерғожайұлының ғылыми жетекшілігімен 13 химия ғылымдарының докторы және 95 кандидаты, 4 философия докторы (PhD) дайындалды.

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожиннің 80 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайындағы химиялық ғылымды, өндірісті және білім беруді дамытудың үрдістері, перспективалары мен инновациялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастыру комитеті Сіздерді және сіздің әріптестеріңізді конференцияға қатысуға және ғылыми баяндама жасауға шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТЫ

Іргелі және қолданбалы химия саласындағы ғалымдардың жетістіктерімен алмасу. Ғылым, білім және өнеркәсіптің өзара байланысын күшейту.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды:

Секция 1. Ғылымның, білімнің және өндірістің прогресі мен интеграциясы-қазіргі даму векторы;
Секция 2. Иондық алмасу және мембраналық технологиялар саласындағы жетістіктер, проблемалар мен перспективалар;
Секция 3. Химия өнімдері мен мұнай химиясы өндірісін дамытудың заманауи мәселелері.

Конференция бағдарламасына пленарлық (ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша) және ауызша баяндамалар енгізілетін болады.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, ағылшын, орыс

Ұйымдастыру комитеті Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектер жинағына жариялау үшін баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

 

 

НЕГІЗГІ КҮНДЕР

10.10.2021 – баяндамаларды ұсынудың соңғы мерзімі
03.11.2021 – Конференция жұмысы

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төрағасы:

Құрманғалиева Ж. Д. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы

Тең төрағалар:

Журинов М.Ж. –ҚР ҰҒА академигі, хим.ғыл.док., профессор, ҚР ҰҒА Президенті

Ғабдуллин М.Т. –  физ.-мат. ғыл. кандидаты., КБТУ ректоры

Төраға орынбасары:

Тиесов Д.С. – «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Мұнай өңдеу және мұнай-химия Басқармасы Төрағасының орынбасары

Фишер Д.Е. – хим. ғыл. кандидаты, “Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты” (ХҒИ) АҚ бас директоры

Ұйымдастыру комитетінің құрамы :

Пралиев К.Д. – ҚР ҰҒА академигі, хим. ғыл. докт., профессор, Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасының меңгерушісі, ХҒИ

Мансуров З.А. – хим. ғыл. докт.,  профессор, Жану проблемалары институты

Адекенов С.М. – ҚР ҰҒА академигі, хим. ғыл. докт., профессор, Халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг «Фитохимия», Қарағанды

Жүсіпбеков У.Ж. – ҚР ҰҒА корр-мүшесі, тех. ғыл. докт., профессор, ХҒИ

Абсаметов М.К. – геолог.-минерал. ғыл. докт., У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институтының директоры

Кенжалиев Б.К. – тех. ғыл. докт., профессор, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры

Әліпбаев С.С. – «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер

Опанасенко С.А. –  «ERG ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығы» ЖШС төрағасы

Батырбеков Э.Г. – ҚР ҰЖҒА және ҚР ҰИА академигі, физ.-мат. ғыл. докт., профессор, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

Қаракөзов Б.К. – тех. ғыл. кандидаты, ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК бас директоры

Мун Г.А. – хим. ғыл. докт., профессор , Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Усманов С.У. – тех. ғыл. докт., профессор, Бейорганикалық синтез және материалдар зертханасының меңгерушісі , ХҒИ

Курманалиев М.К. – хим. ғыл. докт., профессор, АТУ

Чалов Т.К. -хим. ғыл. докт., профессор, Ионалмастырғыш шайырлар және мембраналар лаб. меңгерушісі, ХҒИ

Бектенов Н.А. – хим. ғыл. докт., профессор, бас ғыл. қызметкер, ХҒИ

Бегенова Б.Е. – хим. ғыл. докт., профессор , М. Қозыбаев атындағы СҚМУ.

 

Хатшылық:

Абсадыков Б.Н. – ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тех. ғыл. докт., Бас ғалым-хатшы, ХҒИ

Ковригина Т.В. –  хим. ғыл. кандидаты , қауымдаст.профессор, бас ғыл. қызметкер, ХҒИ

 

АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

1ші тармақ

Баяндамалар талаптарға сәйкес жасалады:

Times New Roman шрифті. Интервал 1. Өрістер: жоғарғы – 2.0 см, төменгі– 2.0 см, сол жағы– 2.0 см, оң жағы – 2.0 см. Абзац – қызыл сызық – 1 см. Автоматты түрде сөзді көшіруге тыйым салынады.

1-ші азат жол: Тақырып – 12 т, барлығы бас әріп, жартылай жуан, ортасында.

2-ші азат жол : бос орын, 12 т.

3-ші азат жол : Авторлар (Тегі А.Ә.) – 12 т, кіші әріптер, жартылай жуан, ортасында.

4-ші азат жол : Мемлекет, қала, ұйым– 11 т, кіші әріптер, курсив, ортасында,

e-mail.

5-ші азат жол : бос орын, 11 т.

6-ші азат жол : Мәтін, 12  т.

 

2-ші тармақ. Жалпы және ауызша баяндамалары бар барлық қатысушылар міндетті түрде халықаралық ғылыми -практикалық конференцияға қатысуға ӨТІНІШ толтыруы тиіс (1 –қосымша). Қатысуға ӨТІНІШТЕР сонымен қатар kovriginatat@mail.ru  электрондық поштасына жіберілуі керек.

Бұл конференция бағдарламасын дайындау үшін қажет, ол қатысушыларға кейінірек, конференция алдында жіберіледі.

 

 

Конференция туралы
БАҒДАРЛАМА