г. Алматы, ул. Уалиханова, 106

8 (727) 291-24-64, 8 (727) 291-23-89

Партнеры

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ АКАДЕМИГІ ПІРӘЛИЕВ ҚАЛДЫБАЙ ЖАЙЛАУҰЛЫНА – 80 ЖАС!!!

Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев органикалық және дәрілік заттар  химиясы саласындағы еліміздің танымал ғалымы.  Қ.Ж. Пірәлиевтің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары – нәзік органикалық синтез тәсілдерін жасау, моно- және бициклді кетопиперидиндер, 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонан-9-ондар және  кейбір табиғи алкалоидтарының конформациялық анализі мен стереохимиясы, сонымен қатар аталған аминокетондар, алкалоидтар және олардың туындыларынан табылуықиын заттарды және табиғи қосылыстар аналогтарын алу, нәзік химиялық құрылыс пен биологиялық активтілік арасындағы тәуелділікті анықтау, отандық жаңа залалсыз әрі әсерлілігі өте жоғары дәрілік заттар жасау.

Қ.Ж. Пірәлиев 1941 жылы 29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1965 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітіріп, 1970 жылы кандидаттық диссертацияны, ал 1991 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1992 жылы профессор атағын алды. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.

Қ.Ж. Пірәлиев студент кезінен өзінің еңбек және ғылыми жолын 1964 жылы «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасында бастады. Ол мұнда органикалық химия бағытында теориялық және эксперименталдық зерттеулерді алға қойды және шамамен 60 жылғы еңбек жолын жай лаборанттан бастап, Бас директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасарына дейін көтерілді. Бүгінде Қ.Ж. Пірәлиев синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасын басқаруда.

ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж Пірәлиевтің жетекшілігімен бірнеше мыңдаған жаңа пиперидинді қосылыстар синтезделініп, олардың кеңістіктегі құрылысы  дәлелденді. Синтезделген қосылыстардың арасынан эффективтілігі жоғары анальгетиктер, анестетиктер, антиритмиктер, спазмолитиктер, иммун ынталандырғыштары мен иммун модуляторлары, бактерияға қарсы қосылыстар, туберкулостатиктер және т.б. табылған. ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиев мектебінің үлкен жетістіктері наркотикті емес күшті анальгетиктік әсерлерге ие және опиатарға антагонистік белсенділік көрсететін заттардың алынуы.

Бірқатар ірі ғылыми жобалар АҚШ (Оклахома, Нью-Йорк қалаларының университеттері мен Сиракуза қаласындағы медициналық ғылыми орталық), Еуропа (Гента (Бельгия) және Кардиффа қалаларындағы (Ұлыбритания) университеттер), Россия (Мәскеу қаласындағы ГосНИИОХТ, Новокузнецк қаласындағы НИХФИ, Новосибирск қаласындағы НИОХ), Белоруссия (Гроднен мемлекеттік медициналық университеті) үлкен ғылыми орталықтардың жетекші ғалымдарымен тығыз әрі жемісті байланыстар МНТЦ, CRDF және INTAS сияқты халықаралық ғылыми қорлардың гранттары арқылы жүргізілді.

ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиевпен алынған дүние жүзіне танымал нәзік органикалық синтез және дәрілік заттар химиясының теориясы мен практикасына қосқан зор үлесі 1200-нан астам ғылыми еңбектерде жарық көрді, оның ішінде жеті монография, 300 өнертабыс үшін қорғалған құжаттар, олардың арасында 20 ҚР және РФ  патенті мен жетекші шет елдердегі 3 патенті  болып табылады. Оның мектебінің зерттеу нәтижелері Web of Science және Scopus мәліметтер базасында индекстелген ғылыми журналдарда жарияланған. Академик Қ.Ж. Пралиевтің хирш индексі – 6.

ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиевтің жаңа жоғары әсерлі және түпнұсқалық дәрілік заттарының медициналық практикаға ендіруге бағыттау тұрғысындағы инновациялық шығармашылығын ерекше атап айтуға тұрарлық. 4-Оксопиперидиндер негізінде дәрілік препараттар жасау бойынша көлемді ғылыми – зерттеу жұмыстары ауруды басатын жаңа заттар жасау принциптеріне негізделген. Осындай жұмыстардың қорытындысында Қ.Ж.Пірәлиев қызметкерлерімен Новокузнецк НИХФИ-ның мамандарымен бірге морфиннің синтетикалық аналогы – ПРОСИДОЛДЫ жасап шығарды. ПРОСИДОЛ РФ және ҚР өмірлік маңызды дәрілік заттардың мемлекеттік реестрлері арнайы баспасына, сонымен қатар дәрілер энциклопедиясына кірген.

Қ.Ж. Пірәлиевтің жетекшілігімен «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ, Қазақ ұлттық медициналық университеті және Новокузнецк НИХФИ ғалымдар мен мамандарының біріккен күшімен практикалық медицинада, оның ішінде әскери-далалық медицинада және  апат медицинасы үшін қызығушылық тудыратын КАЗКАИН препараты жасалды. Жергілікті анестезирлеуші және антиаритмикалық зат ретінде бұл препарат Мәскеудің және Мәскеу облысының төрт жетекші клиникаларында клиникалық сынақтың алғашқы фазасынан өтті.

Қ.Ж. Пірәлиев тек қана «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ-да ғана емес, сонымен қатар әрқашан еліміздің барлық  қоғамдық және ғылыми-ұйымдастырушылық ортасында жүр. Ол ұзақ жылдар бойы «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ ғылыми кеңесінің төраға орынбасары, «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ диссертациялық кеңесінің төрағасы немесе орынбасары, ҚР ҰҒА мүшесі, әртүрлі НТС және ғылыми журналдардың редакцисының мүшесі.

Қ.Ж. Пірәлиев ғылымда, білім беруде және бизнесте белсенді де, табысты қызметтер атқарып жүрген органик-синтетиктер ғылыми мектебін құрды. Оның шәкірттерінің арасында  8 ғылым докторы, 34 ғылым кандидаты және химия ғылымы бойынша 3  PhD философия ғылымдарының докторы бар.

ҚР ҰҒА академигі Қ.Ж. Пірәлиевтің ғылыми – ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстары, ғылымдағы ерен еңбегін еліміз жоғары дәрежеде бағалады. Оған ҚазССР Министрлер кеңесінен ғылым мен техника саласындағы  сыйлықтың (1986 ж.), академик Қ.И. Сатпаев атындағы (2000 ж.)  сыйлықтың және ғылым, техника және білім беру саласындағы  ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2003 ж.) иегері атақтары берілді. Ол «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.) медалімен, (Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» (2002 ж.) және «Еңбек ардагері» (2021 ж.) төс белгілерімен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына ие болды.

 

Құрметті Қалдыбай Жайлауұлы!

Еңбек Қызыл Ту орденді «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ-ның ұжымы сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!!!

Сізге МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ, жаңа ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР, ЖЕҢІСТЕР ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР тілейміз!!!

Терең құрмет, қошемет және ризашылық сезімімен біз бәріміз –  Сіздің әріптестеріңіз, достарыңыз және көптеген шәкіттеріңіз